Қарапайым қағидалар
✅ Бір апта бойы тек қана жаяу жүруге тырысып көрші. Сонда есте сақтау қабілетіңнің жақсарғанын және өзіңнің ұғыну қасиетіңнің артқандығына көз жеткізесің.
✅ Екі апта бойы шайдан да, кофеден де бас тарт. Сонда сенің көңіліңнен шықпайтын нәрселер азайып, ұйқың тынышталғанына көз жеткізесің. Жүзіңдегі әжімдер біршама тегістеліп, өңіңе әр кіріп қалады.
✅ Жатар орынға 1-2 апта тамақтанбай, ашқарынға ұйықтауға тырыс. Сонда сен әр ұйықтаған сайын жарқын түстер көріп, әр таң сайын керемет көңіл-күймен оянатын боласың. Күнің де сондай көңіл-күймен өтетін болады.
✅ Тамаққа тұз бен қара бұрыш салмай үйрен. Сонда 2-3 есе тамақ жеуді доғарасың. Осы дәстүрді сақтасаң, 1-2 аптада аздаған артық майдан арылып, бір ай ішінде арықтап қаласың (артық салмақтан арылғысы келгендерге ғана арналады).
✅ Дүкендерде сатылатын газды сулар мен кез келген дәмді сусындардан бас тартып көрші. Сонда сен жай ауыз судың барлық судан да дәмді екендігіне және шөлді басатынына көз жеткізесің.
✅ Әр адаммен қоштасқан сайын «давай, мейлі, давай...» деп айтуды доғарып көрші. Сонда сен адаммен осы сөздерсіз де әдемі қоштасуға болатынына көз жеткізесің.
✅ Ұнатпайтын адамыңа оның ең жақсы көретін сыйлығын ұсынып қойшы. Сонда сен оның бұдан кейін саған бәрінен де артық көзқараспен қарайтындығына көз жеткізесің.
✅ Ұйықтар алдында көп уақытқа емес, бір-екі сағатқа болса да интернет пен теледидарды өшіріп тастап, жалғыз қалып миыңды тынықтырып көрші. Сонда сен өзіңнің бойыңда да айтарлықтай шығармашылық дарын барын байқайсың.
✅ Шылым сатып алғың келген сайын оның орнына алма, мандарин, апельсин, банан сатып ал немесе бір стақан ауыз су ішші. Екі аптадан соң сен күшіңнің екі есе артқанын байқайсың.